Əлеуметтік мобильділіктің өлшемдері жəне зерттеу əдістері

Əлеуметтік мобильділік екі түрлі көрсеткіштер жүйесі арқылы өлшенеді. Бірінші жүйеде есептеу бірлігі ретінде — индивид, екіншісінде — статус алынады. Мобильділіктің көлемі ретінде белгілі уақыт аралығындағы тік бағыттағы əлеуметтік баспалдақ бойынша орын ауыстырған индивидтер саны есептеледі. Егер əлеуметтік мобильділіктің көлемі орын ауыстырған индивидтердің саны бойынша анықталса оны абсоюттік көлем деп, егер осы санның тұтас тұрғындарға қатынасы арқылы анықталса, оны салыстырмалы көлем деп атайды жəне пайыз түрінде көрсетіледі. Əлеуметтік мобильділіктің жиынтық көлемі барлық страталар бойынша орын ауыстырулардың саны арқылы, ал жіктелген көлемі – жеке қабаттар, таптар бойынша анықталады. Мысалы, егер қоғамның тұрғындарының үштен екісі мобильді десек, ол жиынтық көлемге, ал олардың 37,0 пайызы қызметкерлерге айналған жұмысшылардың балалары десек, ол жіктелген көлемге жатады. Əлеуметтік мобильділіктің масштабы əкелеріне қарағанда өзінің əлеуметтік статусын өзгерткендердің пайыздық үлес салмағы арқылы анықталады.

Əртүрлі топтардағы əлеуметтік мобильділіктің өзгеруі екі түрлі коэффициент арқылы анықталады. Біріншісі — əлеуметтік топтан шығу мобильділігінің коэффициенті. Ол мысалы, маманданған жұмысшылардың балаларының қаншасы интеллигенция өкілдерінің не шаруалар қатарынан толықтырылғанын көрсетеді. Екіншісі — əлеуметтік топқа ену мобильдігінің коэффициенті. Ол мысалы, интеллигенция тобының қай əлеуметтік топтар, қабаттар арқылы толықтырылып, сапалық өзгерістерге ұшырап отырғанын көрсетеді. Əлеуметтік мобильділіктің коэффициентінің əлеуметтік топтың санына бағынышты екенін ескеру керек.

Мобильділік деңгейі қоғамда екі түрлі фактор арқылы анықталады: қоғамдағы əлеуметтік мобильділіктің диапозоны жəне адамдардың орын ауыстыруына мүмкіндік беретін жағдайлар. Нақты қоғамның даму бағыттарын сипаттайтын əлеуметтік мобильділіктің диапозоны қоғамдағы бар əртүрлі статустардың санына байланысты. Əлеуметтік статустардың санының өсуі адамның бір статустық позициядан екінші статустық позицияға өту мүмкіндігін арттырады. Дəстүрлі қоғамдардағы жоғары статустық позициялардың белгілі бір жағдайда тұрақты болып қалуы жоғары əлеуметтік статусқа ие болған отбасыларының балаларының кейбіреуінің құлдырау бағытындағы мобильділік жасауына алып келеді. Ал индустриалдық қоғамдардың даму қарқыны əлеуметтік мобильділіктің диапозонын кеңейте түседі. Индустриалдық қоғамға əлеуметтік статустардың көптігі тəн. Соның ішінде бұл қоғамдағы əлеуметтік мобильділіктің шешуші факторы экономикалық саланың жəне экономикалық қатынастардың даму деңгейі болып табылады. Мысалы, қоғамдағы экономикалық дағдарыстар кезеңдерінде жоғары статустық позициялардың саны азаяды, керісінше төменгі статустық позициялардың саны өседі. Бұл кезеңде адамдар мен əлеуметтік топтар арасында құлдырау мобильділігі басымырақ көрінеді. Ол əсіресе адамдардың еңбек нарығынан шығып қалуы не еңбек нарығына бір мезгілде жаңа топтардың кіруі кезеңінде өсе түседі. Керісінше, қоғамның белсенді экономикалық дамуы кезеңінде көптеген жаңа жоғары статустық позициялар пайда болады.

Əлеуметтік мобильділікті зерттеу : А) мобильділік субъектілерінің қозғалысын (өрлеу жəне құлдырау мобильділігі); Ə) индивидтердің əлеуметтік қозғалысының көлемін, қарқынын; Б) тұлғаның əлеуметтік мобильдігінің каналдарын; В) əлеуметтік мобильділіктің факторларын, себептерін жəне салдарларын талдауды қамтиды. М. Х. Титма мен Э. А. Саар əлеуметтік мобильділікті зерттеуде үш түрлі белгіні бөліп көрсетеді: • жеке тұлғалық сипаттамалар; • əлеуметтік ортаның əлеуметтік мобильділікке əсер ететін факторлары; • əлеуметтік –экономикалық ахуал.

Əлеуметтік мобильділікті зерттеудің мінез-құлықтық деңгейі адамның өмірлік өзін-өзі анықтауының негізгі мəселелерін, ал мотивациялық деңгейі адамның əлеуметтік бағдарларын сипаттайды. Р. В. Рывкина əлеуметтік мобильділікті қоғамның ресми құрылымы; бейресми құрылымы; осы екі құрылымның қиылысу позициясы шеңберінде қарастыруды ұсынады. Қоғамның ресми құрылымындағы əлеуметтік мобильділік ресми құрылым мен оны толықтырушы индивидтер арасындағы қатынастың өзгеруі ретінде бейнеленеді. Қоғамның бейресми құрылымындағы əлеуметтік мобильділік индивидтер жасақтаған мотивтер, бағыттар мен шешімдер тұрғысынан зерттеледі. Əлеуметтік мобильділікті осы екі құрылымның қиылысуы ретінде зерттеу оның сыртқы көрінуінің сəйкессіздігін анықтауға мүмкіндік береді.

Əлеуметтік мобильділік дегеніміз əлеуметтік объектінің белгілі уақыт аралығындағы əлеуметтік иерархиядағы жағдайының өзгеруі. Əлеуметтік мобильділікті зерттеу синхрондық жəне диахрондық салыстыруларға негізделеді. Синхрондық салыстырулар мобильділік кестесіндегі “шығу жағдайын” жəне “тағайындау жағдайын” анықтау үшін қолданылады. Шығу жағдайы – респонденттің зарттелу уақыты аралығындағы зерттеу кезіндегі белгілі бір критерилерге, мысалы, экономикалық не кəсіби, байланысты реттелген құрылымдағы позициясы. Тағайындау жағдайы респонденттің болмаса оның əкесінің осы құрылымдағы зерттеу уақыты аралығындағы бас нүктедегі позициясы. Диахрондық салыстыру – респонденттің “шығу жағдайы” мен “тағайындау жағдайын” бір-бірімен салыстыру- əлеуметтік мобильділіктің типін анықтауға көмектеседі.

Авторлық сілтеме:
ДОСАЕВА Т.Т., ШАКЕНОВ М.Б. Д64 Сфералық астрономия: оқу құралы /Т.Т. Досаева, М.Б. Шакенов –Талдықорған: ЖМУ. 2011. – 83 бет.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *